Сейсенбі, 18 қараша, 16:30

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№88, (2200)
18.11.2025
PDF мұрағаты

«Қағаз boom» экологиялық акциясында 2 тонна қағаз жиналды

18.11.2025

37 0

Фото: Egemen.kz.

«Таза Қазақстан» республикалық бастамасы аясында Жетісу ауданының комьюнити орталығында «Қағаз boom» экологиялық акциясы өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қоғамда экологиялық мәдениетті дамыту, қалдықтарды бөлек жинау дағдысын қалыптастыру және тұрғындардың экосанасын арттыруды мақсат еткен іс-шараға аудан тұрғындары, жастар мен студенттер белсенді қатысып, қажетсіз газеттерді, журналдарды, картон мен кеңсе қағаздарын тапсырды.

Акция барысында шамамен 2 тонна макулатура жиналып, арнайы қабылдау пунктіне жөнелтілді.

«Қоршаған ортаны қорғау – ортақ міндетіміз. Бүгінгі «Қағаз boom» акциясына тұрғындардың белсенді қатысуы – қоғамда экологиялық мәдениеттің өсіп келе жатқанын, азаматтардың экология мәселесіне жауапкершілікпен қарай бастағанын көрсетеді. Біз экологиялық бастамаларды одан әрі дамытып, жастарды табиғатқа ұқыпты қарауға тартуды жалғастырамыз», дейді Жетісу ауданы комьюнити-орталығының жетекшісі Есен Әбдіхалық.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: