Сенбі, 21 ақпан, 23:14

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№14 (2226)
21.02.2026
PDF мұрағаты

Қазақстанда биоыдырағыш пластикалық пакеттер әзірленуде

21.02.2026

50 0

Фото gov.kz

Utebayev University Атырауда Түркия ғалымдарының қатысуымен халықаралық зертхана ашты. Онда мамандар су мен ауыл шаруашылығы шикізаты негізінде алынған полипропиленнен экологиялық таза қаптама әзірлейді. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрлігі хабарлады, – деп хабарлайды  kursiv.media

Жоба министрліктің 2025–2027 жылдарға арналған гранты аясында жүзеге асырылуда. Негізгі мақсат – пластик қалдықтарының қоршаған ортаға зиянын азайту үшін биологиялық ыдырайтын полимерлі композиттерді жасау. Ғалымдар зерттеу барысында жергілікті материалдарды – қамыс пен ауыл шаруашылығы қалдықтарын қолданады.

Биошикізат арнайы қондырғылар арқылы полипропилен құрылымына енгізіледі. Бұл қаптаманың ыдырау мерзімін қысқартып, өндіріс шығындарын төмендетуге мүмкіндік береді.

Зерттеулер Karabuk University профессоры Ясин Канбурдың қатысуымен жүргізілуде. Н. Нәдіров атындағы Мұнай-химия инженериясы және экология институтының деканы Асылбек Канбетовтің айтуынша, бұл бастама ғылым мен өндіріс арасындағы байланысты нығайтып, ұжымның жоғары ғылыми әлеуетін көрсетеді.

Қазіргі таңда зертхана заманауи жабдықтармен қамтамасыз етіліп, материалдардың қасиеттері сканерлеуші электронды микроскопия, термиялық талдау және ультракүлгін сәулеге төзімділік тестілеу әдістері арқылы тексеріліп келеді. Болашақта жаңа экоқаптамаларды тамақ өнеркәсібінде, логистика, құрылыс және медицина салаларында қолдану жоспарланып отыр.

SCImago сараптама платформасы әлем елдерінің ғылыми белсенділігі туралы зерттеуін жариялады. Халықаралық рейтингте Қазақстан 243 ел мен аумақ ішінде 69-орынға тұрақтады. 

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: