Қызылорда облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің қадағалауында атмосфералық ауаға ұйымдастырылған шығарындылары бар 28 нысан бар. Барлық көздерден атмосфералық ауаға 24 ластаушы зат бөлінеді, оның ішінде алтауы 1-2 қауіптілік сыныбына жатады.
Департаменттің аумақтық басқармалары тұрақты негізде елді мекендердің атмосфералық ауасының жай-күйіне санитариялық-эпидемиологиялық мониторинг жүргізеді. Атмосфералық ауадан сынама алу жұмыстары магистральды көшелерде, қаланың қоныстану және өнеркәсіп аймақтарында жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 13 қарашадағы №ҚР ДСМ-193/2020 бұйрығымен бекітілген Санитариялық-эпидемиологиялық мониторинг жүргізу қағидаларына сәйкес санитариялық-эпидемиологиялық мониторинг халық денсаулығы мен тiршiлiк ету ортасының жағдайына жинау, өңдеу, жүйелеу, талдау, бағалау және болжау арқылы бақылаудың, сондай-ақ халық денсаулығының жағдайы мен тiршiлiк ету ортасы жағдайының арасындағы себеп-салдарлы байланыстарды айқындаудың мемлекеттiк жүйесi болып табылады.
Мұндағы мақсат адам денсаулығына тiршiлiк ету ортасы факторларының (химиялық, физикалық, биологиялық, әлеуметтік) әсер етуі туралы дәйекті ақпарат алу, уланулардың пайда болуының және инфекциялық аурулардың, кәсіптік аурулардың өршуінің алдын алу бойынша орындалатын іс-шаралардың тиімділігін бағалау, олардың пайда болуын болжау мүмкіндігі болып табылады.
Санитариялық-эпидемиологиялық мониторинг және орындалатын іс-шаралардың тиімділігін бағалау белгіленген тәртіппен бекітілген санитариялық-эпидемиологиялық нормалаудың мемлекеттік жүйесі құжаттарының (санитариялық қағидалар, гигиеналық нормативтер, техникалық регламенттер, әдістемелік нұсқаулар және ұсынымдар) талаптарына сәйкестігіне жүргізіледі.
2025 жылы атмосфералық ауаның 7836 сынамасы алынып, оның ішінде 7 сынаманың шектеліп рұқсат етілген концентрациядан жоғары екендігі анықталды. Бұл бойынша тиісті органдарға хат жолданды. Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау қызметімен бұл бағыттағы жұмыстар тұрақты жалғасатын болады.
Ерлан Ұзақбаев
Қызылорда облысының СЭБД басшы орынбасары
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!