Бүгін «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық бағдарламасы аясында Қызылорда қаласындағы қайта жаңғыртудан өткен «Қорқыт Ата» ескерткіші аллеясында кең ауқымды тазалық және тал егу шарасы өтті.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асып жатқан акцияға облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев қатысып, қатысушылармен бірге тал егіп, олардың табиғатты қорғау ісіне белсенділік танытып жүргендеріне ризашылығын білдірді. Аймақ басшысы экологиялық мәдениетті қалыптастырудың маңыздылығына тоқталып, осындай игі істерге ұйытқы болып жүрген жастарға сәттілік тіледі.

Игі бастамаға азаматтық қоғам, этномәдени бірлестіктер, БАҚ өкілдері, белсенді жастар және облыстық қоғамдық даму басқармасының ұжымы да өз үлестерін қосып, жоғары деңгейде ұйымдастырылуына атсалысты.


Бұл экологиялық бастама өңір тұрғындарының экологиялық мәдениетін арттыруға және табиғатты аялауға деген жауапкершілікті күшейтуге бағытталды.Таза Қазақстан – Таза Болашақ! Табиғатты аялау – ортақ міндет!
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!