Сәрсенбі, 08 қазан, 11:48

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№76, 2188
07.10.2025
PDF мұрағаты

Су қайта оралады: Қазақстанда 40 жылда алғаш рет маңызды арна тазартыла бастады

08.10.2025

106 0

Сурет: ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігі

Қазақстанда 40 жылдан бері алғаш рет Фурманов айналма каналы механикаландырылған түрде тазартылып жатыр. Бұл туралы Zakon.kz-ке ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Министрліктің мәліметінше, бүгінде ұзындығы 52 шақырымдық бөлік тазартылды. Аталған канал арқылы Шу өзенінің суы Түркістан облысының Созақ ауданына жеткізіледі.

«Фурманов айналма каналын тазалау жұмыстарына сегіз шынжыр табанды экскаватор мен екі тиегіш техника тартылған. Табиғатты қорғау мақсатындағы су жіберу кезеңіне дейін ұзындығы 70 шақырымнан асатын аумақты толық тазалау жоспарланып отыр», – делінген министрлік хабарламасында.

Фурманов айналма каналының өткізу қабілеті – секундына 45–50 текше метр, жалпы ұзындығы – 120 шақырым. Арна Жамбыл облысының Мойынқұм ауданындағы Қылышбай, Құмөзек, Қарабөгет және Сарыөзек ауылдарының маңынан өтеді.

Айта кетейік, биыл 10 қыркүйекте ведомство мамандары Солтүстік Арал теңізі күткеннен тез толып жатқанын хабарлаған еді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: