Жексенбі, 05 қазан, 21:16

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№75,2187
04.10.2025
PDF мұрағаты

«Таза Қазақстан»: Астанада ауқымды экологиялық айлық жалғасып жатыр

05.10.2025

38 0

Фото: gov.kz

Елордада «Таза Қазақстан. Астана – тазалық пен тәртіптің үлгісі» атты кең ауқымды акция аясында дәстүрлі экологиялық айлық өтіп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Айлық 11 қазанға дейін жалғасады. Осы уақыт ішінде қала тұрғындары мен ұйымдар көше мен аулалардың тазалығын жақсартуға өз үлестерін қосуда.

Экологиялық айлық аясында қаланы тазалау бойынша кең көлемді сенбілік өтті. Оған 22 мыңнан астам тұрғын, 2 мыңнан аса кәсіпорын мен ұйым қатысып, 600-ден астам арнайы техника жұмылдырылды.

Сенбілік кезінде 16 мыңнан астам аула тазартылып, 107 саябақ пен сквер ретке келтірілді, 21 тарихи-мәдени нысанның аумағы тазаланды.

Сондай-ақ шамамен 3 мың тонна қоқыс шығарылды.

Бұдан бөлек, брусчаткалар мен тротуарлар жөнделіп, абаттандыру элементтері қалпына келтірілді, 1200-ден астам ағаш отырғызылды.

Сонымен қатар 176 әлеуметтік нысанда – мектептерде, балабақшаларда, спорт және медицина мекемелерінде, әлеуметтік қорғау ұйымдары мен өндірістік және бизнес нысандарда тазалық жүргізілді.

Акция аясында қалада санитарлық тазалау, арық және жаңбыр суы жүйелерін жуу, көшелер мен аулаларды тазалау, балалар және спорт алаңдарын ретке келтіру жұмысы жүргізілді. Қоғамдық орындарда брусчатка мен жиектастар жөнделіп, шағын сәулеттік нысандар қалпына келтірілді.

Сондай-ақ ағаш отырғызу және жасыл желектерді күтіп-баптау, сауда орындарының айналасын тазалау, рұқсатсыз қоқыс үйінділерін жою жұмысы жалғасып жатыр.

Экоакцияның негізгі мақсаты – қала көшелеріндегі тазалықты сақтау мәселесіне қоғам назарын аудару және экологиялық мәдениетті қалыптастыру.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: