Экологиялық бастаманың кезекті кезеңі Жаңақорған ауданында өтті. Апта басында Алматы облысынан басталған эстафета Жамбыл облысы, Шымкент қаласы, Түркістан облысы аумағынан өтіп, Қызылорда облысына келіп жетті. Эстафета аясында «AMANAT» партиясы жанындағы «Жастар рухы» ЖҚ белсенділері, еріктілер, эко блогерлер, Жаңақорған ауданына қарасты ауылдық округтер белсенділері де үлес қосып, елдің тазалығына ат салысты.
Эстафета аясында сондай-ақ «Open Air» форматында экологиялық іс-шара өткізіліп, жастармен еркін форматта кездесу ұйымдастырылды. Кездесу барысында экосана, еріктілік және болашаққа жауапкершілік сынды маңызды тақырыптар талқыланды.
Қызылорда жастары белсенділік танытып, табиғатты аялау – баршамыздың ортақ міндетіміз екенін тағы бір мәрте дәлелдеді.
Атап өтейік, ертең рухтастар Жаңақорғаннан Шиелі ауданына дейінгі аралықтағы «Батыс-Еуропа, «Батыс-Қытай» авто дәлізі жиегін және тарихи ескерткіштерді вандализмнен қорғау, айналасын қоқыстан тазарту секілді жұмыстар жүргізеді. Әрі қарай Шиелі ауданынан Қызылорда бағытына қарай жол жиегіне тазалық ұйымдастырады. Эстафета кешке Қызылорда қаласында қорытындыланатын болады. Тағы айта кететін мәселе эстафетаға партияның Мәжілістегі фракция мүшелеріде қатысуда. Олар іс- шара барысында аудан тұрығындарымен кездесіп, қоғамдық қабылдаулар ұйымдастырады.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!