Дүйсенбі, 15 желтоқсан, 02:29

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№95 (2207)
13.12.2025
PDF мұрағаты

1 қаңтардан бастап өңірлік ипотекалардың бастапқы жарна сертификаты 2,5 млн теңгеге өседі

14.12.2025

67 0

Коллаж: Kazinform / Freepik

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мәжіліс депутатының сауалына жолдаған жауапта ішкі көші-қонды реттеуге арналған ипотекалық бағдарламаға өзгеріс енгізілетінін мәлім етті, – деп хабарлайды KAZINFORM 

– Ауылдық елді мекендерде тұрғын үй сатып алу үшін экономикалық мобильдік сертификаты (бұдан әрі –ЭМС) немесе облыстық және аудандық маңызы бар қалаларда тұрғын үй сатып алу кезінде ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша бастапқы жарна енгізілді. Биылғы тұрғын үй нарығын талдау нәтижелерін ескере отырып, оның мөлшері 1 160 АЕК-тен (1 160×3 932=4 млн 561 мың теңге – ред.) 1 625 АЕК-ке (1 625×4 325=7 млн 29 мың теңге – ред.) дейін ұлғайтылды, – деп жазылған жауапта.

Бұл өзгеріс 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді.

– Енгізілген өзгерістер Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы М.С. Әшімбаевтың Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапарының қорытындылары бойынша берілген тапсырмалармен де сәйкес келеді және 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді, – дейді министрліктегілер.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: