Сенбі, 10 қаңтар, 10:25

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№2 (2214)
10.01.2026
PDF мұрағаты

11 айда экономика өсімі 6,4 пайызды құрады

17.12.2025

169 0

Коллаж: Kazinform/ Canva/ Freepik

Биыл 11 айда негізгі капиталға салынған инвестициялар 13,3 пайызға артып, 18,5 трлн теңгені құрады. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин айтты, – деп хабарлайды KAZINFORM

– Экономика тұрақты өсу қарқынын көрсетуде. Биылғы қаңтар-қарашаның қорытындысы бойынша экономиканың өсімі 6,4 пайызды құрады. Нақты сектордағы өсім 8,3 пайыз болды және қызмет көрсету өндірісінің 5,3 пайызға өсуінен жоғары болып қалыптасты. Негізгі драйверлер – көлік қызметтері, құрылыс және тау-кен өнеркәсібі. Сауда – 8,8, ауыл шаруашылығы – 6,1, өңдеу өнеркәсібі 5,9 пайызға өсті, – деді ол.

Министрдің айтуынша, инвестициялар өсім факторы болып отыр. Негізгі капиталға салынған инвестициялар 13,3 пайызға артып, 18,5 трлн теңгені құрады. Оның ішінде жеке инвестициялар 9,8 пайызға ұлғайды.

– Инвестициялардың ең жоғары өсімі болашақ сапалы өсу базасын қалыптастыратын салаларда байқалуда. Қаржы қызметінде – 82,8, электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен жабдықтауда – 57,9, білім беруде – 31,6, ақпарат және байланыста – 24,5, ауыл шаруашылығында – 24,1, өңдеу өнеркәсібінде – 20,7, көлік қызметтерінде 13,3 пайызға өсім тіркелді. Инвестициялардың ең көп өсуі Ақмола, Павлодар, Жамбыл, Алматы және Ақтөбе облыстарында байқалды. Инвестициялардың төмендеуі Атырау және Қарағанды облыстарында тіркелді, – деді Серік Жұманғарин.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: