Бейсенбі, 21 қараша, 23:36

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№92-2102
19.11.2024
PDF мұрағаты

2021 жылғы қаржылық есептілік аудитінің нәтижелері

14.03.2022

752 0

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің Қызылорда облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментімен 2021 жылы 4 бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінде және 2 мемлекеттік мекемеде қаржылық есептілік бойынша аудиторлық іс-шаралар жүргізіліп, нәтижесінде жалпы сомасы 8 035 174,1 мың теңгенің қаржылық және рәсімдік сипаттағы бұзушылықтарға жол берілгені анықталды, оның ішінде «Қызылорда облысының білім басқармасы» ММ-де және мекемеге бағынысты 7 мемлекеттік мекемелер бойынша – 1 494 486,0 мың теңге, «Қызылорда облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» ММ-де және мекемеге бағынысты 4 мемлекеттік мекемелер бойынша – 19 050 мың теңге, «Қызылорда қаласының білім бөлімі» КММ-і бойынша – 3 229 666,4 мың теңге, «Қазалы ауданының білім бөлімі» КММ-і бойынша – 52 092,1 мың теңге, «Қызылорда қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» КММ-і бойынша – 3 019 333,4 мың теңге, «Әйтеке би кенті әкімінің аппараты» КММ-і бойынша – 220 546,2 мың теңге.

Қабылданған шаралар нәтижесінде жоғарыда аталған мекемелерде анықталған бұзушылықтар бойынша 24 жауапты тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Сонымен қатар Қызылорда облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментімен жергілікті атқарушы органға қарасты бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің өкілдерінің қатысуымен қаржылық есептілік аудиті нәтижелерімен жиі анықталатын бұзушылықтардың пайда болу себептері мен оларды келешекте болдырмау жолдары аталып көрсетілген семинар өткізілді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: