Сейсенбі, 24 желтоқсан, 08:48

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

2023 жылдан бастап студенттерге 2-3%-дық кредит беріледі

01.11.2022

1134 0

Ғылым және жоғары білім министрі 2023 жылдан бастап студенттер оқу ақысын төлеу үшін банктерден 2-3%-дық кредит рәсімдей алатынын айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Бұл туралы министр үкімет кулуарында айтты. 

«Келесі жылдан басталады. Біз бұрын болған қаржыландыру және кредит алу моделін мұқият қарастырып жатырмыз. Несиені екінші деңгейлі банктер береді. Студент өз атына 2-3%-дық кредит рәсімдей алады», – деп жауап берді Саясат Нұрбек.

Сонымен қатар, министр ҰБТ талапкердің оқу жетістіктері мен әлеуметтік жағдайын ескеретін көрсеткіштер бойынша жетілдірілетінін айтты. 

«Аталған тәсіл грант бағасы жүйесіне (30%-тен 100%-ке дейін) дифференциация енгізуде де қолданылады», – деді Нұрбек үкімет отырысында.

Сондай-ақ, тығыз қоныстанған және жаңадан құрылған Абай, Ұлытау, Жетісу облыстарының талапкерлеріне грант бөлу жалғасады.

Студенттерді жатақханамен қамтамасыз ету мәселесін шешу үшін университеттермен және құрылыс компанияларымен мемлекеттік-жекеменшік әріптестік тетігі жетілдіріледі.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: