Жексенбі, 02 қараша, 22:36

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№83, 2195
01.11.2025
PDF мұрағаты

2026 жылдан бастап Қазақстанда зейнетақы мен ең төменгі күнкөріс деңгейі қалай өзгереді

02.11.2025

79 0

Фото: BAQ.KZ

2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда зейнетақы төлемдері 10 пайызға өседі. Бір қарағанда, бұл көрсеткіш аса жоғары емес сияқты. Алайда Ұлттық банктің болжамына сәйкес, келесі жылы инфляция деңгейі 9–11 пайыз аралығында болуы мүмкін. Демек, зейнетақыны индекстеу бағалар мен қызметтердің қымбаттау қарқынына сай жүргізіледі, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Зейнетақы қалай индекстеледі

BAQ.KZ редакциясының ресми сауалына жауап берген Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі қазіргі есептеу әдістемесі өзгермегенін мәлімдеді. Жыл сайынғы индекстеу республикалық бюджет туралы заңда бекітілген параметрлер аясында жүзеге асады. Егер инфляция болжанған межеден асып кетсе, қосымша түзету енгізіледі. Мұндай тәжірибе бұған дейін де қолданылған: бағаның шектен тыс өсуі кезінде зейнетақы мөлшері қайта қаралып отырған.

2026–2028 жылдарға арналған жаңа әлеуметтік көрсеткіштер

Жаңа республикалық бюджет жобасында келесі әлеуметтік параметрлер бекітілген:

  • Күнкөріс минимумы — 50 851 теңге
  • Базалық зейнетақы — 35 596 теңге
  • Ең төменгі зейнетақы — 69 049 теңге
  • Ең төменгі жалақы — 85 000 теңге
  • Айлық есептік көрсеткіш (АЕК) — 4 325 теңге

Зейнетақы неден құралады

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің дерегінше, зейнетақы үш бөліктен тұрады:

  • Базалық бөлік – зейнет жасына жеткен барлық азаматқа төленеді.

Егер еңбек өтілі 10 жылға дейін болса, зейнетақы мөлшері күнкөріс минимумының 70 пайызына тең (2025 жылы – 32 360 теңге).

Әр қосымша еңбек жылы үшін 2 пайыз қосылады, бірақ ең көбі 110 пайызға дейін (яғни 50 851 теңге).

  • Біріктірілген (еңбек) бөлік – еңбек өтілі мен орташа айлық табысқа байланысты есептеледі.
  • Жинақтаушы бөлік – Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына (БЖЗҚ) салымдар мен инвестициялық табыс есебінен қалыптасады.

Негізгі мақсат — сатып алу қабілетін сақтау

Зейнетақының 10 пайызға өсуі — бағаның қымбаттауына бейімделген шара. Бұл арқылы мемлекет қарт азаматтардың табысын нақты мәнінде сақтап қалуды көздейді.

Зейнетақы төлемдерінің нақты мөлшері мен индекстеу параметрлері 2026–2028 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы заңды Сенат мақұлдағаннан кейін түпкілікті бекітіледі.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: