Сенбі, 25 қазан, 17:15

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№81, 2193
25.10.2025
PDF мұрағаты

2026 жылдан бастап жаңа пәтерін екі жылға жетпей сатқандар салық төлейді

25.10.2025

45 0

Фото: ingos.ru

2026 жылғы қаңтардан бастап енді алған пәтерін екі жылға жетпей сатқандар мемлекетке ақша төлейді. Қосылған бағаға 10% мөлшерінде табыс салығы салынады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Информбюро бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.

Мемлекеттік кірістер комитеті басшысының орынбасары Айгүл Аббасованың мәліметінше, бұл тәртіп жылжымайтын мүліктің барлық түріне қатысты. 

«Айта кететіні, 2026 жылдан бастап жеке табыс салығының прогрессивті шкаласы енгізіледі. Мысалы, баспананы сату кезінде 36 миллион теңгеден артық қосылған бағаға салық мөлшері 15% болады. Ал 36 миллион теңгеден төменге 10% мөлшерінде салынады», – деді Айгүл Аббасова.

Қаңтардан бастап Қазақстанда азаматтар алған жылжымайтын мүлікті екі жылға жетпей сатса, мемлекетке табыс салығын төлеуге міндетті болады. Бұл ереже жылжымайтын мүліктің барлық түріне қатысты. Бұған дейін үйді салықсыз сату үшін тек 1 жыл күту жеткілікті еді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: