Дүйсенбі, 29 желтоқсан, 18:24

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№99, (2211)
27.12.2025
PDF мұрағаты

2026 жылға ЕАЭО Сотына жүгіну үшін баж мөлшері бекітілді

29.12.2025

51 0

Сурет: ЕАЭО соты

2025 жылғы 21 желтоқсанда Еуразиялық экономикалық жоғары кеңестің шешімімен шаруашылық жүргізуші субъектілердің Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) Сотына жүгінуі кезінде төленетін мемлекеттік баж мөлшері бекітілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Құжатта былай делінген:

«2026 жылға Еуразиялық экономикалық одақ Сотына жүгінген кезде шаруашылық жүргізуші субъектілер төлейтін баж мөлшері 2026 жылға арналған Еуразиялық экономикалық одақ бюджеті жобасын әзірлеу барысында болжанған тұтыну бағалары индексінің 4% өсуін ескере отырып, 59 621 ресей рублі (386 344 теңге) көлемінде бекітілсін».

Аталған шешім 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді.

2015 жылы баж мөлшері 57 328 ресей рублін құраған.

Еуразиялық экономикалық одақ Соты – 2014 жылғы 29 мамырдағы Шартқа сәйкес құрылған, ЕАЭО құқықтық актілерінің оған мүше мемлекеттер мен одақ органдары тарапынан біркелкі қолданылуын қамтамасыз ету мақсатында жұмыс істейтін тұрақты сот органы. Сот Минск қаласында орналасқан.

Сот дауларды қарау жөніндегі соттық және түсіндірме беру жөніндегі консультативтік функцияларды жүзеге асырады.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: