Бейсенбі, 27 қараша, 10:50

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№90 (2202)
25.11.2025
PDF мұрағаты

2026 жылы АЕК, ЕТЖ, ең төменгі зейнетақы мөлшері қандай болады?

27.11.2025

48 0

Фото:depositphotos.com

Қазақстанда 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап айлық есептік көрсеткіш (АЕК) мөлшері өзгереді. Тағы қандай өзгерістер болады? Tengrinews.kz тілшісі шолу жасады.

Бүгін Парламент 2026-2028 жылдарға арналған  республикалық бюджетті бекітті.

Негізгі көрсеткіштер қалай өзгереді?

  • АЕК – 4 325 теңге (2025 жылы бұл – 3 932 теңге).
  • Ең төменгі жалақы (ЕТЖ) – 85 000 теңге (өзгеріссіз).
  • Ең төменгі зейнетақы – 69 049 теңге (2025 жылы бұл – 62 771 теңге).
  • Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төменгі мөлшері – 35 596 теңге (2025 жылы бұл – 32 360 теңге).
  • Ең төменгі күнкөріс деңгейі – 50 851 теңге (2025 жылы бұл – 46 228 теңге).

2026 жылы АЕК, ЕТЖ, ең төменгі зейнетақы мөлшері қандай болады?

Айыппұл бойынша

Айлық есептік көрсеткіш (АЕК) мөлшері өзгерген соң айыппұл көлемі де өзгереді. Мәселен жылдамдықты сағатына 10-20 шақырымға арттырғаны үшін айыппұл 5 АЕК немесе 21 625 теңге болады. Сағатына 20-40 шақырымнан асып кеткені үшін 10 АЕК, бұл дегеніміз – 43 250 теңге. Сағатына 40 шақырымнан асқаны үшін 20 АЕК, яғни 86 500 теңге төлеуге тура келеді. Бір жыл ішінде қайталанса, 30 АЕК, 129 750 теңге төлеуі қажет.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: