Биыл әлеуметтік-еңбек саласына республикалық бюджеттен 6 трлн 833 млрд теңге қаржы бөлу көзделген. Бұл сома 2025 жылғы шығыстардан 15,1%-ға, яғни 897,7 млрд теңгеге артық, деп жазады Egemen.kz.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлгінің мәліметінше, бөлінген қаржының 99,3%-ы немесе 6 трлн 783 млрд азаматтардың әлеуметтік төлемдеріне бағытталады.
Оның ішінде 4 трлн 890 млрд теңге 2,6 млн зейнеткерді зейнетақымен қамтуға, 1 трлн 893 млрд теңге өзге жәрдемақыларды төлеуге мүмкіндік береді. Бұл шамамен 2,3 млн адамды әлеуметтік төлеммен қамтиды.
Қалған қаражат мүгедектігі бар адамдарға протездік-ортопедиялық көмек көрсету, есту қабілеті бұзылған балаларға есту-сөйлеуді оңалту, оңалту орталықтарын салу, зейнетақы мен жәрдемақы төлеуді қамтамасыз ету бойынша қызметтер көрсетуге бөлінеді.
Министрлік мәліметінше, бүгінде республикалық бюджет қаражаты есебінен базалық және ынтымақты зейнетақыны қоса алғанда, әлеуметтік төлемдердің 41 түрі төленеді.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!
