Сейсенбі, 27 қаңтар, 12:15

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№7 (2219)
27.01.2026
PDF мұрағаты

2026 жылы әлеуметтік маңызы бар көкөніс пен жүгері егісі ұлғайтылады

27.01.2026

50 0

Фото: KursivMedia мұрағаты

2026 жылы әлеуметтік маңызы бар көкөніс пен жүгері егісі ұлғайтылады. Бұл туралы ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин мәлімдеді, – деп хабарлайды  kursiv.media

Үкіметте Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрінің төрағалығымен көктемгі егіс жұмыстарын даярлау және өткізу жөніндегі жедел штабтың отырысы өтті.

Ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтановтың хабарлауынша, 2026 жылы өңірлер әлеуметтік маңызы бар көкөністердің, ең алдымен картоп пен сәбіздің егіс алқаптарын ұлғайтуы қажет. Оның айтуынша, өткен жылы картоп егісін арттыру бойынша мақсатты жұмыс жүргізіліп, ұйымдасқан шаруашылықтардағы егіс көлемі 12,5 мың гектарға ұлғайған.

«Өнім көлемі нарықтағы баға тұрақтылығына тікелей әсер етеді. Осыған байланысты өңірлер түпкілікті егіс құрылымын бекіту кезінде сәбіз егісін ұлғайту міндетін ескеруі қажет», – деп атап өтті вице-министр.

Сондай-ақ болжамды егіс құрылымында қарақұмық егіс алқаптарын кезең-кезеңімен ұлғайту көзделген. 2026 жылы оның егісін 10 мың гектарға – 101 мың гектарға дейін кеңейту жоспарланып отыр (2025 жылы – 91 мың гектар). Өңірлерге белгіленген индикаторларға қол жеткізуді қамтамасыз ету тапсырылды. Жүгері егісін кеңейтуге де ерекше назар аударылды.

Мұның алдында депутат Жигули Дайрабаев «Азық-түлік қауіпсіздігі туралы» заң жобасын қабылдауды ұсынған болатын. 

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: