Бүгін Сенатта өткен брифингте Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин зейнетақыны 10%-ға арттыру шешімі елдің болжамды макроэкономикалық көрсеткіштеріне негізделгенін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Біз орташа инфляция деңгейін 9-10% шамасында болады деп болжадық. Сондықтан индексация 10% көлемінде қалады. Бұл қазіргі бюджет мүмкіндіктеріне байланысты», деді Серік Жұманғарин.
Сонымен қатар вице-премьер алдағы уақытта оны арттыру қарастырылмайтынын атап өтті.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!
