Премьер-министрдің орынбасары-Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Сенатта өткен брифингте 2026 жылға арналған зейнетақы индексациясының параметрлеріне қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Журналистер зейнетақының неге тек 10%-ға өсетіні туралы сұрағанда, Жұманғарин бұл есептің болжамды макроэкономикалық көрсеткіштерге сүйеніп жасалғанын айтты.
Біз орташа инфляция деңгейін 9–10 пайыз болады деп болжадық. Сол себепті индексацияны 10 пайыз деңгейінде белгіледік. Қазіргі таңда бұл – бюджет мүмкіндіктеріне сәйкес жасалған шешім, – деді вице-премьер.
БАҚ өкілдері индексацияны қайта қарау немесе өсіру мүмкіндігі бар ма деп сұрағанда, министр мұндай жоспар жоқ екенін атап өтті.
Қосымша өсім қарастырылмайды: 10 пайыз сол күйінде қалады. Бұл көрсеткіш бюджетке енгізілген, – деп жауап берді Серік Жұманғарин.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!
