Дүйсенбі, 27 қазан, 16:56

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№81, 2193
25.10.2025
PDF мұрағаты

24 миллион теңгеге заңсыз субсидия бөлген шенеуніктер қалай жазаланды

27.10.2025

61 0

Сурет: Zakon.kz/Максим Золотухин

Абай облысында мал шаруашылығы нысандарын сумен қамтамасыз етуге арналған субсидияларды бөлу кезінде заңбұзушылықтар анықталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

2025 жылғы 24 қазанда облыстық прокуратура бұл туралы толығырақ ақпарат берді:

«Облыстың мамандандырылған табиғатты қорғау прокуратурасы жайылымдарды суландыру және мал шаруашылығын сумен қамтамасыз ету шығындарының бір бөлігін өтеу бойынша субсидия бөлу кезінде заң талаптарының бұзылғанын анықтады», – делінген хабарламада.

Заңнама талаптарына сәйкес, субсидия алу үшін арнайы су пайдалануға рұқсат болуы тиіс.

«Алайда ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары мен бөлім маманы тиісті рұқсаттар болмағанына қарамастан, жалпы сомасы 24 миллион теңге болатын 35 субсидияны заңсыз түрде бөлген. Прокурорлық тексеріс нәтижесінде аталған тұлғаларға «қызметіне толық сәйкес еместігі туралы ескерту» түріндегі тәртіптік жаза қолданылды», – деп хабарлады Абай облысының прокуратурасы.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: