Қазақстан қор биржасында (KASE) 2025 жылғы 24 желтоқсанда сағат 15:30-да шетел валюталары бойынша күндізгі сауда аяқталды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Сауда нәтижесі бойынша доллардың орташа өлшенген бағамы 511 теңгені құрап, 0,88 теңгеге өсті.
Ресей рублінің бағамы 6,51 теңгеге дейін көтерілді (+0,01).
Қытай юанінің бағамы таңғы саудада 72,48 теңге болды (–0,23).
Айырбастау пункттерінде доллар 512,9–515,5 теңге аралығында сатып алынып, сатылуда. Еуро 600,3–605,5 теңге, ал рубль 6,41–6,54 теңге шамасында саудалануда.
Сонымен қатар 24 желтоқсанда мұнайдың әлемдік бағалары өзгерді. Brent маркалы мұнайдың фьючерстік келісімшарттары 1 центке арзандап, барреліне 62,37 АҚШ долларын құрады. Ал WTI маркалы америкалық мұнай 1 центке қымбаттап, барреліне 58,39 АҚШ долларына жетті.
Ұлттық банк таңертеңгі уақытта доллардың ресми бағамын 510,18 теңге, еуроны – 601,91 теңге, рубльді – 6,51 теңге деңгейінде белгіледі.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!
