Сенбі, 22 қараша, 16:29

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№89 (2201)
22.11.2025
PDF мұрағаты

$33 млрд индустриялық серпіліс: Қазақстанның жаңа бетбұрысы

22.11.2025

37 0

Фото: BAQ.KZ

Индустрия және өндіріс саласында Қазақстан–Ресей кооперациясы соңғы жылдары жаңа жобалармен толықты. Экономист Айбар Олжайдың айтуынша, қазіргі уақытта екі елдің бірлескен 75 өнеркәсіптік жобасы іске асырылуда, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Экономист Айбар Олжай “15 минуттық экономикалық шолу” жобасында инвестициялар көлемі шамамен 33 млрд долларды құрайтынын алға тартты.

Соның ішінде машина жасау және автомобиль өнеркәсібі ерекше орын алады. Қостанай қаласында КАМАЗ жүк көліктеріне арналған құйма бөлшектер шығаратын зауыт іске қосылды. Бұл жоба Қазақстанның автомобиль кластерін дамытуға үлес қосуда. Сарань қаласында Татарстанның «Татнефть» компаниясы жылына 3,5 млн дана автошина өндіретін зауыт ашты. Айтпақшы осы автошиналар Аттар деп аталады. Химия өнеркәсібінде ресейлік «ЕвроХим» және «Уралхим» компаниялары қатысуымен минералды тыңайтқыштар шығаратын жаңа өндірістер құрылуда. Бұл кәсіпорындар іске қосылғанда, Қазақстан ТМД аумағындағы тыңайтқыш өндірісінің хабтарының біріне айналып, агросектордың қажеттіліктерін жабуға қызмет етеді, – деді сарапшы.

Сондай-ақ оның мәлімдеуінше, көлік және логистика бойынша үлкен потенциалдар бар.

Географиялық тұрғыда Қазақстан мен Ресей Еуразия құрлығының орталығында орналасқандықтан, транзиттік тасымал және көлік дәліздерін дамыту ең бір сұранып тұрған, логикалық жағынан дұрыс қадам. Екі ел «Солтүстік–Оңтүстік» және «Шығыс–Батыс» бағытындағы магистральдық халықаралық дәліздерді бірлесіп дамытуда. Мысалы, Үндістан–Парсы шығанағынан Ресейге және Солтүстік Еуропаға жүк тасымалын жеңілдететін Солтүстік–Оңтүстік дәлізі аясында Қазақстан арқылы өтетін теміржол, автомобиль жол желілері жаңартылып жатыр. Сонымен бірге Қытай – Еуропа арасындағы балама маршрут ретінде Түркия, Каспий теңізі арқылы өтетін Транскаспий халықаралық көлік дәлізі (Орта дәліз) белсенді дамуда, бұған Қазақстан мен Ресей де өз инфрақұрылымын бейімдеуде, – дейді экономист.

Сонымен қоса әсіресе пандемия және 2022 жылы басталған соғыс логистика саласына жаңа өзгерістер әкелді деп отыр.

Қазақстан жүктерді Ресей порттарын айналып өтетін балама бағыттарға, мысалы Қара теңіз, Кавказ арқылы көбірек бағдарлап, тасымалдау маршрутын әртараптандыруда. Бұл қадамдар өңірлік сауда тасымалының қауіпсіздігі мен үздіксіздігін қамтамасыз ету үшін маңызды, – деді ол.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: