Бейсенбі, 26 желтоқсан, 21:35

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

«6 ай мерзімнің аяқталуына аз қалды»: Қазақстанда жанармай бағасы өсе ме?

31.05.2022

1941 0

Мұнайсервис компаниялары қауымдастығы алдағы уақытта жанармай мен көлік газы қымбаттамайды деп есептейді. Алайда 1 шілдеден бастап мемлекет орнатқан орнатқан шекті баға алынуы мүмкін, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Almaty.tv арнасына сілтеме жасап. 

Бір айдан кейін қаңтар айында Қасым-Жомарт Тоқаевтың үкімет алдына қойған тапсырмаларының мерзімі аяқталады. Бұл кезде президент мұнай-газ саласындағы жұмысты реттеп, бағаның өсуін шектеу механизмін енгізуді ұсынған болатын.

Энергетика министрлігі әзірге нақты шешімдер жоқ екенін айтады. Ведомство мәліметінше, ішкі нарық жанармаймен толығымен қамтамасыз етілген. АИ-92 маркалы бензинге сұраныс жоғары болғандықтан баға өзгеріссіз қалуы мүмкін. Вице-премьер Ералы Тоғжанов бұл сұрақтың әлі талқыланып жатқанын айтады. 

«Алты ай мерзімнің аяқталуына аз қалды. Жанар-жағармай материалына келсек, дизель, АИ-92 және АИ-93 маркаларының бағасын әлі қарастырамыз», – деді Тоғжанов. 

Ұлттық экономика министрлігі жанармай бағасының қалай өзгеретінін әлі айта алмайды. Әлібек Қуантыровтың сөзінше, бұл сұрақты алдағы бір ай ішінде шешу жоспарланған. 

«Әлі уақыт бар. Жанармай бойынша сұрақтар әлі шешілетін болады», – деді министр. 

Мұнайсервис компаниялары қауымдастығы басшысы Нұрлан Жұмағұловтың айтуынша, бүгінде мемлекет қабылдаған шаралар жанармай бағасын ұстап тұруға мүмкіндік берген. Бұл делдалдар санын азайту және көтерме бағаны белгілеу. Сөзінше, баға бірден өсіп кетпейді. Алайда келешекте бұл бәрібір орын алуы мүмкін. 

«Біз Беларусь, Ресей, Қырғызстан және Тәжікстанмен Еуразия экономикалық одағындамыз және барлық уақытта тыйым салына бермейді. Әрі 2025 жылы Бірыңғай жанармай нарығы құрылады, соның ішінде жанар-жағармай, электр энергиясы, газ бағасы салыстырмалы түрде бірдей болуы шарт», – деді «Қазақстан мұнайсервис қауымдастығының» директоры Нұрлан Жұмағұлов. 

1 шілдеге дейін белгіленген шектік баға бойынша Қазақстанда АИ-20 89 теңге, АИ-92 мен АИ-93 182 теңге, АИ-95 маркалы бензин 215 теңгеге сатылып жатыр. 

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: