Азық-түліктің әлемдік бағасы қазір жоғары деңгейде. Бұл туралы экономист Айбар Олжай «15 минуттық экономика» жобасында айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Оның сөзінше, инфляция бәсеңдегеніне қарамастан, пайыздық мөлшерлемеден едәуір асып кеткен.
Ресей Орталық банкі қатаң риториканы сақтап, тежегіш ақша-кредит шарттарын ұстап отыр. Оның бізге әсері бар, – дейді экономист.
Ал Америка Құрама Штаттарындағы Федералды резерв жүйесі «жоғары белгісіздік жағдайы» деген терминді қолданып отырғанын жеткізеді.
Америка сақтық моделіне көшкен, яғни көп нәрсені түсіре бермейді, базалық мөлшерлемені де азайтқысы келмей отыр, – деп түсіндіреді сарапшы.
Тіпті, Еуроодақтың Орталық банкі де өзінің қатаң риторикасын өзгертпей, сол ұстанымды мөлшерлемені ұстап отырғанын айтады.
Айбар Олжайдың пікірінше, негізгі шешім қабылдау кезеңіндегі болжамдарды жаңарту аясында өзіміздің белгілі параметрімізде, «мұнай баррелі 60 доллар болады» деп болжап, барлық модельді соның айналасында құрып отырмыз.
Бұған дейін ол еліміз 2025 жылды 18% деген базалық мөлшерлемемен аяқтайын деп отыр. Бұл – суверенді республика формасындағы еліміздің отыз жылдық тарихындағы ең жоғары базалық мөлшерлемелердің бірі.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!
