Сейсенбі, 04 қараша, 16:46

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№84, 2196
04.11.2025
PDF мұрағаты

Агроөнеркәсіпке несие беру көлемі алғаш рет 1 трлн теңгеге жетті

04.11.2025

66 0

Фото: АШМ

Биыл елімізде ерте жеңілдетілген кредит беру бағдарламасы аясында қаржыландыру көлемі алғаш рет 1 трлн теңгеге жетті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бұл туралы Үкімет отырысында Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров мәлімдеді.

Министрдің айтуынша, ерте қаржыландыру мен жеңілдетілген несие беру тетіктері айтарлықтай әсер етті.

Биыл ерте жеңілдетілген несиелеу бағдарламасы аясында қаржыландыру көлемі алғаш рет 1 трлн теңгеге жетті. Бұл ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне егіс науқанын дер кезінде өткізіп, заманауи технологияларды енгізуге мүмкіндік берді, – деді Сапаров.

Өсімдік өсіру маусымының қорытындысы бойынша 1,8 млн тонна минералды тыңайтқыш енгізілген, бұл ғылыми негізделген қажеттіліктің 56 пайызын құрайды. Элиталық тұқым үлесі 9,5 пайыздан 11,5 пайызға өсті.

Ерте қаржыландыру бағдарламасы келесі жылы да жалғасады: 1 қазаннан бастап 2026 жылғы көктемгі егіс жұмыстарына өтінім қабылдау басталды, ал қарашаның екінші онкүндігінде револьверлік несиелеу тетігі іске қосылады. Бұл жүйе фермерлерге жыл сайын бір ғана кепілмен несие алуға мүмкіндік береді.

Бұл фермерлерге қолдау көрсетудің тұрақты жүйесін қалыптастырады, маусымдық қаржыландыруға тәуелділікті азайтады және жұмыстарды алдын ала жоспарлауға жол ашады, – деп атап өтті министр.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: