Бүгін облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықованың төрағалығымен аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы жиын өтті. Жиынға облыс әкімінің орынбасарлары, жауапты басқарма басшылары қатысты. Облыстық экономика және бюджетті жоспарлау басқармасының басшысы Нұрғали Қордабай ағымдағы жылдың 5 айында қалыптасқан көрсеткіштер бойынша баяндама жасады.
2021 жылдың қаңтар-мамыр айларында негізгі макрокөрсеткіштердің барлығында өсімнің оң динамикасы қалыптасты.
2021 жылдың 5 айында облыстың өнеркәсіп кәсіпорындары 282,3 млрд.теңгенің өнімін өндірді немесе 2020 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 0,3 пайызға артық орындалды.
Өнеркәсіп өндірісінде өсім өзге де пайдалы қазбаларды өндірудің 47,8%-ға, тау-кен өндіру өнеркәсібінде қызмет көрсетудің 27,8%-ға және өңдеу өнеркәсібінің 12,8%-ға арту есебінен қамтамасыз етілді.
Сонымен қатар, өзге де бейметалл минералдық өнімдерді өндіру 2,8 есеге, жеңіл өнеркәсіп 2,1 есеге, машиналар мен жабдықтарды жөндеу және орнату 36,3%-ға, жихаз өндіру 31,5%-ға, химия өнеркәсібінің өнімдерін өндіру 4,1%-ға, тамақ өнімдерін өндіру 2,7%-ға артуы есебінен өңдеу өнеркәсібінде өсім 12,8 пайызға қамтамасыз етілді (65,1 млрд.теңге өнім өндірілді).
Есепті кезеңде өңір экономикасына 70,6 млрд. теңге инвестициялары салынды, бұл 2020 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 6,7 пайызға артқан.
14,8 млрд. теңгеге құрылыс жұмыстары орындалды немесе 2020 жылдың тиісті кезеңіне 162,5 пайызды құрады.
198,9 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, 2020 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда НКИ 129,0 пайызды құрады.
Ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі 22,9 млрд. теңгені құрап, бұл 2020 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 2,5 пайызға артты.
2021 жылдың 1 маусымына 13 506 жаңа жұмыс орны құрылды, оның ішінде 4 111-і тұрақты жұмыс орындар.
2021 жылға арналған облыс әкімінің іс-қимыл жоспарына ай сайын тұрақты мониторинг жасалуда. Іс-қимыл жоспары негізгі 6 бөлімнен тұрады, атап айтқанда: макроэкономикалық тұрақтылықты сақтау, қолайлы бизнес ахуалды қамтамасыз ету, жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау, адами капиталды дамыту, көлік және тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымын дамыту, бюджеттік саясат.
Облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова әлеуметтік – экономикалық жағдайды көтеруге жүйелі жұмыс жасап, көрсеткіштердің жоғары болуын қамтамасыз етуді жүктеді.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!