Жұма, 05 желтоқсан, 15:18

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
92, (2204)
02.12.2025
PDF мұрағаты

Айырбастау пункттерінде доллар сатылмай жатыр

05.12.2025

45 0

Фото: BAQ.KZ архиві/ Артём Чурсинов

Тұрғындар кейбір айырбастау пункттері доллар сатудан бас тартқанына шағымданды. Экономист Арман Бейсембаев BAQ.KZ тілшісіне мұндай жағдайдың неден болып жатқанын және алаңдауға себеп бар ма екенін түсіндірді.

Маманның айтуынша, кейбір айырбастау пункттері расымен де уақытша валюта сатуды тоқтатуы мүмкін, бірақ оның себептері жүйелік емес, коммерциялық сипатта.

Жекелеген айырбастау пункттерінде доллар уақытша сатылмай қалатын жағдайлар болады. Бұл валюта тапшылығымен емес, кәдімгі коммерциялық мүддемен түсіндіріледі. Жақында курс 500 теңгеден төмендеп, кейін 506-ға қайта көтерілді. Егер айырбастау пункттері долларды мысалы, 500 теңгеден сатып алған болса, олар курстың 510-ға дейін өсуін күтіп, сатуды әдейі кешеуілдетуі мүмкін. Айырма есебінен табыс табу үшін осылай жасайды. Бұл – қалыпты тәжірибе, – деді ол.

Экономист жекелеген пункттерде валюта шынымен уақытша таусылып қалатын жағдайлар да болуы мүмкін екенін жоққа шығармайды.

Кейбір айырбастау орындарында доллар таусылып қалуы мүмкін екенін жоққа шығармаймын. Жай ғана беретін ақша болмай қалуы мүмкін, – деді спикер.

Оның айтуынша, мұндай жағдай бұрын да валюта бағамы күрт құбылған кезеңдерде кездескен.

Курс күрт көтерілген уақытта айырбастау пунктері дәстүрлі түрде валюта сатуды тежейді. Бағам тез өсе бастағанда олар доллар беруді шектейді, себебі ары қарай қымбаттайды деп күтеді және арзан сатпауға тырысады. Бұл – валюта тапшылығының емес, коммерциялық тактиканың көрінісі, – деді Бейсембаев.

Экономист жалпы нарықта валюта тапшылығы бар деуге негіз жоқ екенін баса айтты.

Бізде қандай да бір өтімділік дағдарысы болып жатыр, не айырбастау орындарында мүлде доллар жоқ деп ойламаймын. Мұндай жағдайдың болуы екіталай, – деп түйіндеді ол.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, АҚШ долларының бағамы төмендеуін жалғастырып, 500 теңге деңгейінен төмен тұрақтап тұр.

Теңге нығайып, доллар түсе бастағандықтан, бүгін ақша айырбастау пунктері тұрақсыздыққа болжам жасай алмай, доллар сатуды азайтып жатқанына қатысты экономист Айбар Олжай мен қаржыгер Расул Рысмамбетовтің пікірлерін білген едік.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: