Жексенбі, 26 қазан, 22:03

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№81, 2193
25.10.2025
PDF мұрағаты

«Алтын ағыс»: қымбат металдар бағасының өсуі Орталық Азия экономикасын қалай нығайтып отыр

26.10.2025

58 0

Қымбат металдар нарығында оң серпін байқалады, деп жазады Egemen.kz.

Алтын бағасының күрт көтерілуі инвесторлардың назарын тағы да осы металлды өндіруді экономиканың басты қозғаушы күші санайтын елдерге аудартты. JP Morgan сарапшыларының дерегінше, Гана, Қазақстан және Өзбекстан сияқты алтын экспорттаушы елдер әлемдік нарықтағы қолайлы ахуалдың нақты пайдасын көріп отыр.

Сарапшылардың айтуынша, соңғы қысқа мерзімді құлдырауға қарамастан, ұзақмерзімді тренд өсім бағытын сақтап тұр. Банк болжамына сәйкес, 2026 жылдың төртінші тоқсанында алтынның бір унциясының құны 5 мың доллардан асуы ықтимал. Мұндай сценарийде алтын «жай металл емес, стратегиялық күш» саналатын елдер жаңа экономикалық серпінге ие болады.

Қымбат металдардың өзге түрлері – платина мен күміс те қымбаттап, бұл Қазақстан мен Тәжікстанға қосымша кіріс әкелді. Қазақстан үшін бұл тек экспорттық мүмкіндік емес, сонымен бірге қаржы секторын тұрақтандыру құралы: ел алтынмен «айна операцияларын» белсенді пайдаланып, валюта нарығының орнықтылығын қамтамасыз етуде.

Өзбекстанда «алтын ағысы» жүргізіліп жатқан реформаларға жаңа серпін беріп отыр. Үкімет қосымша табыстарды басқаруда сақтық танытып, оларды бірден емес, біртіндеп экономикаға бағыттап, ұзақмерзімді әсерге қол жеткізуді көздейді.

Экономистер қазіргі жағдайды алтын болашаққа сенім кепілі болған дәуірмен салыстырады. Бүгінде де қымбат металдар өңір елдеріне ұлттық валюталарды нығайтып, резервтерді көбейтіп, реформалар жүргізу кеңістігін арттыруға мүмкіндік беретін тұрақтылық тірегіне айналуда.

Әлемдік биржалар алтын бағасының қозғалысын демін ішіне тарта бақылай берсе, Орталық Азия елдері осы қолайлы үрдісті орнықты дамуға айналдыру мүмкіндігіне ие. Геосаяси тұрақсыздық жағдайында дәл осы «берік алтын» сыртқы тәуекелдерді жұмсартудың ең сенімді тетігіне айналып отыр.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: