Сейсенбі күні таңертең металдардың құны айтарлықтай төмендеді. Әсіресе алтын қатарынан бесінші сауда сессиясында арзандап жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.
Oxu.Az деректеріне сәйкес, Қазақстан уақыты бойынша сағат 10:26-дағы жағдай бойынша Нью-Йорктегі Comex биржасында маусым айындағы алтын фьючерстерінің бағасы алдыңғы жабылу деңгейімен салыстырғанда 64,96 доллар немесе 1,46% төмендеп, бір трой унциясы үшін 4374,54 доллар болды.
Жалпы алғанда, кейінгі төрт күн ішінде қымбат металлдың бағасы 11,3% арзандаған.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!
