Сәрсенбі, 24 желтоқсан, 14:23

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№98 (2210)
23.12.2025
PDF мұрағаты

Алтын мен күміс неге тым қымбаттап кетті?

24.12.2025

48 0

Фото: Ашық дереккөз

Әлемдік нарықта бағалы металдардың құны күрт өсті. 24 желтоқсанда алтынның бір унциясы алғаш рет 4 500 доллардан артып, жыл басынан бергі өсім 70%-дан асты, деп хабарлайды Egemen.kz.

24 желтоқсандағы Reuters мәліметінше, қымбат металдар нарығында нағыз рекордтар шеруі болды. Алтынның бағасы бір сәтте 4 525 долларға дейін көтеріліп, тарих бетіндегі ең жоғары көрсеткішті тіркеді. Күміс 72,7 долларға, ал платина 2 377,5 долларға жетіп, инвесторлардың таңданысын тудырды. Палладий де соңғы үш жылдық рекордын жаңартып, 1900 долларға жуықтады. 

Сарапшылар бұл жағдайды әлемдегі геосаяси тұрақсыздықпен тікелей байланыстырады. Экономикалық белгісіздік күшейген сайын, ірі капитал иелері ақшаны сенімді активтерде — бағалы металдарда сақтауды жөн көреді. Бұған қоса, АҚШ-тың пайыздық мөлшерлемелерді төмендету туралы жоспары металдардың құнын одан әрі аспандатып жіберді. 

Статистика таңғалдырарлық: жыл басынан бері алтын 70%-дан астам қымбаттаса, күміс пен платина бағасы 150-160%-ға бір-ақ секірген. Бұл 1970-жылдардан бергі ең үлкен қаржылық дүмпу. Мамандар бағалы металдардың «әмбебап қорғаныс активіне» айналғанын және алдағы уақытта да сұраныс жоғары болатынын болжайды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: