2 қарашада ҚР Сауда және интеграция министрлігінің бұйрық жобасы бойынша қоғамдық талқылау аяқталды. Бұл құжат қазақстандықтарға жеке мақсатта пайдалануға арналған автокөліктерді лизингке алу мүмкіндігін қарастырады, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
Енді жеке тұлғалар жаңа автокөліктерді кейіннен сатып алу немесе лизинг берушіге қайтару құқығымен лизингке ала алады. Тиісті өзгерістер министрдің бұйрығымен Ішкі сауда қағидаларына енгізілді.
Жаңа көлік құралдарын беру жеке тұлғаларға оларды жеке пайдалану үшін лизингке беру түрінде жүзеге асырылуы мүмкін. Бұл ретте көлікті кейін сатып алу немесе лизинг берушіге қайтару құқығы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес жасалатын лизинг шартымен айқындалады, – делінген құжатта.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!
