Соңғы екі жылда елдегі агроөнеркәсіп саласын қолдауға 1.2 трлн теңге бөлінген. Бірақ ол қаражаттың 300 млрд теңгесі дұрыс игерілмеген. Оның ішінде бюджетке тікелей 32 млрд теңге шығын келген. Қаржы министрі Мәди Тәкиев осылай деп мәлімдеді, – деп хабарлайды kursiv.media
Аудит нәтижесі бойынша, субсидиялауда алаяқтық схемалары анықталды. Мәселен, кейбір кәсіпкерлер бір ірі қара малдың бағасын 808,1 млн теңге деп көрсеткен. Кей өңірде мал мен жабдық мүлдем жеткізілмеген немесе аз мөлшерде жеткізілген фактілері белгілі болды. Жеке құрылыс жұмыстары төленген, бірақ іс жүзінде орындалмаған.
Кейбір шаруалардың берешегі бола тұра микронесиелер қайта берілген. Мәди Такиевтің мәлімдеуінше, жалпы берешегі 45,8 млн теңгені құрайтын 25 қарыз алушыға 177,7 млн теңге көлемінде несие берілген.
Дала және егін жинау жұмыстарын қаржыландыру бағдарламаларын жүзеге асыруда жүйесіздік бар. Осы жылы ауыл шаруашылығы жұмыстарын қаржыландыру үшін құрылған «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ фермерлердің шығындарын 70%-ға дейін жабу жөніндегі мәлімделген көрсеткішті қамтамасыз ете алмай отыр.
Осыларды ескере келе премьер-министр Олжас Бектенов қаржы, ауыл шаруашылығы министрлігі және жергілікті атқарушы органдардың ақпараттық жүйелерін интеграциялау деген тапсырма берді. Ал субсидиялау жүйелерін қағаз жүзіндегі көрсеткіштерге емес, нақты өндірілген өнім көлеміне бағдарлай отырып қайта қарау керек.
Еске салайық, ауыл шаруашылығы осыған дейін үкімет мал шаруашылығын дамыту үшін қыруар қаржы бөліп, 6%-бен несие беретінін жариялаған еді.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!
