Олжас Бектенов инфляцияны төмендету үшін азық-түлік өндірісін арттыруға басымдық берілуі тиіс екенін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов Президенттің тапсырмаларын орындау үшін әзірленген макроэкономикалық тұрақтандыру және халықтың әл-ауқатын арттыру жөніндегі алдағы үш жылға арналған бағдарлама шеңберінде азық-түлік бағасының тұрақтылығын қамтамасыз ету қажеттігін атап өтті.
Осы мақсатта премьер-министр Ауыл шаруашылығы, Сауда және өнеркәсіп министрліктеріне ішкі нарықтың отандық өніммен қамтамасыз етілуін арттыруды тапсырды.
Сондай-ақ Ауыл шаруашылығы министрлігіне тұрақтандыру қорларын, форвардтық шарттарды, өнім бағасын арзандатуға берілетін субсидияларды, сауда субъектілерімен баға тұрақтылығын қамтамасыз ету жөніндегі келісімдерді белсенді пайдалану тапсырылды.
Азық-түлік өнімдерінің, әсіресе бүгінде импортқа тәуелділігі жоғары өнімдер өндірісін ұлғайтуға басымдық берілуі керек. Аталған шаралар азық-түлік бағасын тұрақтандырып, инфляция деңгейін төмендетуге тиіс, – деп атап өтті Олжас Бектенов.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!
