ҚР Премьер-министрінің орынбасары, Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Үкімет отырысынан кейінгі брифингте Қазақстан жылына қанша инвестиция тартатынын және қандай көрсеткішке ұмтылып отырғанын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Министр журналист сұрағына жауап беру барысында қазір Қазақстан жалпы ішкі өнімге 16-17 пайыз инвестиция тартып отырғанын, бірақ 23-24 пайыз инвестиция тарту қажет екенін айтты.
Санға айналдырсақ, біз 2029 жылға дейін ештеңе істемесек, 280 миллиард доллар инвестиция тартамыз. Ал бізге 400 тарту керек. Міне, сол 120 миллиард алшақтық – біз “Бәйтерек” арқылы жүргізіп жатқан проактивті экономикалық саясатымыз. Барлық меншік түрлерінің қаражатын, екінші деңгейлі банктерді, жеке инвестицияларды тарту арқылы жүргізіп отырмыз. Бұл оған қол жеткізуге мүмкіндік береді. Және бұл – бүгінгі күні өмірлік қажеттілік, – деді Жұманғарин.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!
