exk.kz
Депутат Айжан Сқақованың айтуынша, ұлттық жобаның бірінші кезеңі балалар кедейлігін жоюға бағытталуы тиіс.
Біз бала күтімінің ақылы кезеңін 3 жасқа дейін ұзартуды ұсынамыз. Сондай-ақ барлық балаға 18 жасқа дейінгі әмбебап жәрдемақы енгізу қажет. Ал олардың спорт секцияларын қаржыландырған «ArtSport» бағдарламасын тезірек қалпына келтірген жөн,
— деді депутат.
Мәжілісмендер осы ұсыныстарын Үкімет басшысы Әлихан Смайыловқа жіберді. Бұған дейін бала күтіміне берілетін жәрдемақыны 1,5 жасқа толғанша төлеу туралы ұсыныс айтылған еді.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!