Сәрсенбі, 27 қараша, 19:43

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№94-2104
26.11.2024
PDF мұрағаты

Банкроттық рәсімге өтініш беру басталды

15.04.2023

578 0

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсыр­ма­сымен төлем мерзімі өткен қарыздары және микро­кредиті бар  азаматтардың банкроттық рәсімге өтініш беруі басталды. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызме­тінде өткен брифингте Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Қызылорда қаласындағы өңірлік өкілдер басқармасының жетекші маманы Мұрат Сарманов айтты.

Банкроттық және төлем қабілетін қалпына келтіру заңы 3 рәсім аясында жүзеге асады. Мәселен, бірінші рәсім – соттан тыс әкімдіктің банкроттық деп тануы. Бұл рәсім бойынша азаматтардың жеке мүлкі болмауы, сондай-ақ несиесі 12 ай көлемінде төленбеуі қажет. Бұл қатардағы азаматтардың берешек көлемі 5 миллион 500 мың теңгеден аспауы тиіс.

Ал екінші рәсімде жоғарыдағы азаматтардың өтініші соттың шешімімен ғана банкроттық деп танылады. Олардың қарыз көлемі 5 жарым миллион теңгеден асуы керек.

Соңғы үшінші рәсімде соттың шешімімен төлем қабілеттілігі ретке келтіріледі. Мұнда несие алушылардың кіріс көлемі есепке алынады. Банкроттыққа өтініш беру Кірістер департаменті арқылы жүзеге асады.

Маманның айтуынша, өткен жылы кредиттік ұйымдар қарыз алушылардың 708,7 мың өтінішін қараған. Оның ішінде 527,8 мың қарыз алушының қайта құрылымдауға берген өтініші, яғни 74,5 пайызы мақұлданған. Осыған орай Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі қарыздар мен микрокредиттер бойынша мерзімі өткен берешекті реттеудің міндетті тәртібі ескерілетін ішкі нормативтік құжаттарды жаңартқан. Бүгінде кредиттерді қайта құрылымдау мәселелері бойынша қарыз алушыларға кеңес беру үшін қосымша жедел желі жұмыс істеуде.  

«Ақмешіт-ақпарат»

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: