Жексенбі, 11 қаңтар, 08:26

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№2 (2214)
10.01.2026
PDF мұрағаты

Банктердің төленбеген кредитті есептен шығарып жатқаны рас па?

10.01.2026

81 0

Фото: .kursiv.media архиві

Әлеуметтік желілерде екінші деңгейдегі банктер кейбір азаматтардың несиесін кешіріп жатыр деген ақпарат таралып жатыр. Алайда Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі бұл мәлімет шындыққа жанаспайды деп мәлімдеді, – деп хабарлайды  kursiv.media

Мекеме өкілдерінің айтуынша, банктер жаппай кредитті толық немесе белгілі бір санаттағы азаматтар үшін есептен шығаруды жоспарлап отырған жоқ.

Агенттік азаматтарды жалған ақпаратқа сенбеу, тек ресми дереккөздерге ғана сүйенуге шақырды. Сонымен қатар, түрлі делдалдар мен «кредитті жойып береміз» деп уәде ететін адамдардың көмегіне жүгінбеуге кеңес берді.

Ода бөлек жалған ақпарат таратудың заң алдында жауапкершілікке әкеп соғатынын да еске салды.

Қазіргі уақытта Қазақстанда қарыз алушылардың банктер, микроқаржы ұйымдары және коллекторлық агенттіктермен өзара жұмыс істеуінің бірыңғай тәртібі бар және ол қолданыстағы заңнама аясында жүзеге асырылады.

Қарыз шартын өзгертуге болады

Егер қаржылай қиындық туындаса, қарыз алушы банк, МҚҰ немесе коллекторлық агенттікке жазбаша өтініш бере алады.

Өтінішке табыстың азайғанын немесе төлемді кешіктіру себебін дәлелдейтін құжаттар қоса тіркелуі керек (жұмыссыздық, жалақысыз демалыс, ауру, қайтыс болу, мүгедектік және т.б.).

Кредитор өтінішті 15 күн ішінде қарап, шешім қабылдайды.

Егер қарызды өтеуге мүлде мүмкіндік жоқ болса, заң бойынша жеке тұлғаның банкроттығы рәсімін қолдануға болады.

Қазақстандықтар былтыр бөліп төлеу тәсілімен 2,4 трлн теңгеге тауар алған. 

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: