Жұма, 27 желтоқсан, 08:41

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Бес жылдың даму бедері

09.02.2021

26565 0

Кеше қалалық мәслихаттың кезектен тыс III сессиясы өтті. Басқосуға қалалық мәслихат депутаттары, әкім орынбасарлары мен сала мамандары қатысты. Күн тәртібінде 2021-2025 жылдарға арналған Қызылорда қаласын дамыту бағдарламасы, 2021-2023 жылдарға арналған кент және ауылдық округтердегі бюджетті бекіту және жайылымдық жерді басқару мәселесі қаралды. Сонымен қатар тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі мен мөлшерін айқындау мәселесі де назардан тыс қалмады.

Жиында қалалық экономика және бюджетті жоспарлау бөлімінің басшысы Г.Баймаханова, қалалық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Д.Абдурасулов баян­дама жасап, алдағы бағыт-бағдарды ха­барлады. Сондай-ақ қалалық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтардың хал актілерін тіркеу бөлімінің басшысы И.Ақжігітова да саладағы жос­пармен бөлісті.

– Бүгінге дейін қала дамуына септігін тигізген сан салада ілгерілеу байқалады. Өткен жылдың өзінде орта және шағын кәсіпкерлер саны 107 процентке жоғарыласа, орташа айлық жалақы 22,3 процентке өсті. Инфрақұрылым, кәсіпкерлік, құрылыс сала­сында жетістіктер жетерлік. Мәселен, қала мен ауылдық округтерді ауыз сумен қамту деңгейі 100 процентке жетіп, жағдайы жақсы жолдар көрсеткіші 78,6 процентке көтерілді. Ендігі мақсат – 2025 жылға дейін өңдеу өнеркәсібін 110 процентке жеткізіп, саладағы бюджет деңгейін 8 млрд теңгеден 18,9 млрд теңгеге көтеру. Нәтижесінде 11 инвестициялық жоба жүзеге асып, 1434 жаңа жұмыс орнын ашылатын болады. Сондай-ақ инновациялық белсенді кәсіпорындарды 14 проценттен 14,9 процентке жеткізу қолға алынады. Осы мақсатта кәсіпкерлерге қолдау білдіру, оқыту, несие ұсыну жұмысы жүргізілмек. Оған қоса агроөнеркәсіп саласын ілгерілету де жолға қойылатын болады. Ол үшін асыл тұқымды мал басын арттыру, жем-шөп пен азық-түлік сапасын көтеру бағытында жобалар жүзеге асырылады, – деді қалалық экономика және бюджетті жоспарлау бөлімінің басшысы Г.Баймаханова.

Сонымен қатар сессияда баяндамашылар жаңа мектеп пен балабақша құрылысы, ауыл әлеуетін көтеру, тұрғын үймен қамтамасыз ету, денсаулық сақтау саласында алдағы бес жылда атқарылатын тірлікті тарқатты.

Жиын соңында депутаттар бөлім бас­шыларына көтерілген мәселеге қатысты ұсыныс-пікірін білдіріп, сала мамандары қойылған сұрақтарға жауап берді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: