Жұма, 27 желтоқсан, 04:17

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Биыл 18,3 трлн теңге көлемінде негізгі капиталға инвестиция тарту міндеті тұр

19.04.2023

428 0

Сурет: pdnr.ru

2023 жылы индустрия саласында биыл 1 трлн теңгеге 170 жаңа инвестициялық жобаны іске қосу жоспарланып отыр. Бұл туралы елдің әлеуметтік-экономикалық мәселелері жөніндегі кеңейтілген кеңесте Үкімет басшысы Әлихан Смайылов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Әлихан Смайылов атап өткендей, биыл экономикаға 18,3 трлн теңге көлемінде негізгі капиталға инвестиция тарту міндеті тұр. Жалпы құны 28,1 трлн теңгеге 873 жобадан тұратын инвестициялық пул пысықталып жатыр.

«Сонымен қатар, шетелдік кәсіпорындарды релокациялау аясында 24 компания Қазақстанға көшті, тағы 43 компания бойынша жұмыс жалғасып жатыр», – деді Үкімет басшысы.

Оның сөзіне қарағанда, индустрия саласында биыл 1 трлн теңгеге 170 жоба іске қосылады. Осының есебінен 15 мыңға жуық жаңа жұмыс орнын ашу жоспарланған.

Бұдан бөлек Премьер-Министр мұнай-газ саласында Теңіз кенішінде Сағалық қысымды басқару және Болашақ кеңейту жобаларын іске асыру жалғасып жатқанын айтты. Қарашығанақта 5-ші компрессордың құрылысы басталды. Қарашығанақта қуаты жылына 4 млрд текше метр болатын тауарлық газды дайындау жобасы пысықталып жатыр.

Сонымен қатар, Қашаған кен орнында жалпы қуаты 1 млрд текше метрден асатын газ өңдеу зауытының құрылысы жалғасып келеді. Мұнымен қоса, қуаты 4 млрд текше метр болатын тағы бір газ өңдеу зауытын салу мәселесі пысықталып жатыр.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: