Жұма, 09 қаңтар, 00:35

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№1, (2213)
06.01.2026
PDF мұрағаты

Биыл қолжетімді болуы мүмкін ипотекалық бағдарламалар анықталды

07.01.2026

100 0

Фото: Egemen.kz.

2026 жылы ипотекалық бағдарламалар жаппай емес, нақты әлеуметтік және кәсіби топтарға бағытталады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Яғни, әр бағдарлама өз талаптарымен ұсынылады, ал банктер пайыздық мөлшерлемені жинақ көлеміне қарай кезең-кезеңімен төмендету тетігін қолдануды жоспарлап отыр. 

Осы орайда, биыл негізгі бағдарламалар қандай болуы ықтимал деген заңды сауал туындайды. 

Олар: 

  • «Наурыз» және «Наурыз жұмыскер» – өтінім қабылдау көктемде басталады. «Наурыз» ипотекасын кеңейту нұсқалары да қарастырылып жатыр. 
  • «7-20-25» – 2026 жылы бағдарламаға қосымша қаржы бөлу жоспарланған. 
  • «Ұмай» – әйелдерге арналған ипотекалық өнім биыл іске қосылуы мүмкін. 
  • «Жасыл ипотека» – энергия үнемдейтін, экологиялық стандарттарға сай үйлерді сатып алуға бағытталған. 

Сарапшылар ипотеканы тиімді шартпен алу үшін қазірден бастап Отбасы банкте депозит ашу, ресми әрі тұрақты табысты растау, несие тарихын тексеру және алғашқы жарна мен ай сайынғы төлемді алдын ала есептеп алу маңызды екенін ескертеді және осындай кеңес айтады. 

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: