Жұма, 07 қараша, 21:39

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№84, 2196
04.11.2025
PDF мұрағаты

Біздің нарық АҚШ инвесторларына қызық болуы мүмкін – сарапшы

07.11.2025

60 0

Фото: assembly.kz

Осыған дейін АҚШ Қазақстанға 100 млрд доллар инвестиция әкелген. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Вашингтонға арнайы сапары аясында бүгін АҚШ-тың елімізге 17 млрд доллар инвестиция құю келісімшартына қол қойылды. Осы тұрғыда саясаттанушы-журналист Талғат Қалиевтен пікір сұрадық, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Жалпы Қазақстан мен АҚШ арасындағы экономикалық қарым-қатынас сауда жағынан шамалы болса да 30 жылда 100 млрд доллар инвестиция әкелді. Сондықтан экономикалық қарым-қатынас одан әрі дамиды деп ойлаймын. Біздің нарық АҚШ инвесторларына қызық болуы мүмкін. Бұрын бізге Ресей арқылы кіретін болса, қазір біздің нарықты жоғалтып алмас үшін тікелей кіруге тырысады, – деді Қалиев.

Ал «C5+1″ форумы аясындағы келісімдер еліміздегі банктердің несиелік саясаты мен пайыздық мөлшерлемелеріне әсер етпейді ме?» деген сұрағымызға:

Бұл формат біздің банк жүйесіне, несие тәртіптеріне,пайыздық мөлшерлемеге әсер етпейді. Себебі бәрі ішкі инфляция мен ішкі экономикалық жағдайға байланысты, – деп жауап берді сарапшы.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: