Бейсенбі, 20 қараша, 12:26

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№88, (2200)
18.11.2025
PDF мұрағаты

Бюджеттен «Бәйтерек» холдингіне 1 трлн теңге беріледі

20.11.2025

41 0

Фото: Арман Мухатов

Экономиканың нақты секторын дамыту үшін «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингіне 1 трлн теңге беріледі. Бұл туралы Премьер-министрдің орынбасары-Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Сенат отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Республикалық бюджеттен қосымша жалпы ел үшін маңызы бар нысандар мен сындарлы инфрақұрылым қаржыландырылатынын атап өткім келеді. Арнаулы мемлекеттік қордың қаражаты есебінен әлеуметтік сала объектілері қаржыландырылады. Экономиканың нақты секторын дамыту үшін «Бәйтерек» АҚ-ны шамамен 1 трлн теңгеге капиталдандыру көзделеді. Инфрақұрылымдық жобалар – автомобиль және темір жолдарды салу мен реконструкциялауға мемлекеттік кепілдіктердің көлемін ұлғайту жоспарлануда. Аталған барлық тетіктер бойынша жобалар өңірлерде іске асырылып, жиынтық даму бюджетін ұлғайтатын болады, – деп атап өтті вице-премьер.

Айтуынша, жалпы, «Республикалық және облыстық бюджеттер, республикалық маңызы бар қалалар, астана бюджеттері арасындағы 2026-2028 жылдарға арналған жалпы сипаттағы трансферттердің көлемі туралы» заң жобасы Үкіметтің алдына қойылған негізгі міндеттерді шешуді мақсат етіп отыр.

Оның ішінде өңірлердің қаржылық дербестігін кеңейтуге, халық үшін әлеуметтік игіліктер мен мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің қолжетімді болуын теңестіруге, сондай-ақ өңірлер арасындағы инфрақұрылымдық қамтамасыз етілу деңгейіндегі диспропорцияларды азайтуға бағытталған, – деді Серік Жұманғарин.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: