Бұл туралы экономист сарапшы Айбар Олжай “15 минуттық экономикалық шолу” жобасында айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Ол зейнетақы жүйесінің ынтымақтастық жүйеден аралас жүйеге көшуге әлеуметтік, демографиялық мәселелер әсер еткенін алға тартады.
Әлемдік үрдістерге сай жұмыс істейтіндердің зейнеткерлерге арақатынасы жылдан жылға артып келеді. Соңғы жылдары еңбек нарығындағы өзгерістер, жаңа жұмыс формаларының пайда болуы, жалдамалы еңбектің қысқаруы, фриланстың көбеюі, өзін-өзі жұмыспен қамтудың көбеюі секілді факторлар қосылды. Нәтижесінде әлем бойынша таза бөліністік сақтандыру жүйелерінің қаржылық тұрақтылығы әлсіреп, халыққа лайықты зейнетақы төлеу қиындап барады, дейді ол.
Сондықтан оның сөзінше көптеген елдерде мемлекеттік және жинақтаушы компоненттер бірін- бірі толықтырып отыратын көп деңгейлі жүйе ретінде қалыптасуда.
Сонымен қатар БҰҰ мен Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры жүргізген есептерге сәйкес, 2050 жылға қарай 60 жастан асқан адамдардың үлесі 13%-дан 17,3%-ға дейін өседі. Яғни әрбір Қазақстандық зейнет жасында болады.
Сол жылы елімізде бір әйелге шаққандағы жалпы туу көрсеткіші 2,42 -ге дейін төмендейді. Бұл әйел екі немесе үш бала дүниеге әкеледі деген сөз. Ал 2023 жылы 3,55-ті көрсетіп тұр. Демек болашақта жастар азайып, қарт зейнет жасындағы адамдар көбейеді, – дейді ол.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!
