Дүйсенбі, 02 наурыз, 11:14

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№16 (2228)
28.02.2026
PDF мұрағаты

Brent маркалы мұнай күрт қымбаттады

02.03.2026

34 0

Фото: shutterstock

Лондондағы ICE биржасында Brent маркалы мұнайдың бағасы 2 наурыз күні таңертең барреліне 81 доллардан асты. Қара алтын бағасы 2025 жылдың 23 маусымынан бері алғаш рет осы деңгейге жетті. Бұл ақпаратты сауда деректері растады, – деп хабарлайды  kursiv.media

Сауда аптасының басында Таяу Шығыстағы шиеленіс күшейген тұста баға 12,2%-ға өсіп отыр.

Қазан айында жеткізілетін WTI маркалы мұнайға жасалған келісімшарт 2,3%-ға қымбаттап, барреліне 76,7 долларды құрады.

Бұған дейін сарапшылар мұнай бағасының күрт өсетінін болжаған еді. Қымбаттаудың негізгі себебі ретінде Ормуз бұғазының жабылуы аталған. Алайда Иран билігі бұған дейін Тегеран теңіз дәлізін жабуды жоспарламайтынын мәлімдеген болатын.

Таяу Шығыстағы ахуал

Еске салсақ, 28 ақпанда таңертең АҚШ пен Израиль күштері Иранды атқылады. Тегеран орталығындағы резиденцияға жасалған соққыдан аятолла Әли Хаменеи мерт болды. Оның қазасы 1 наурызға қараған түні ғана ресми түрде расталды.

Артынша Иран билігі Таяу Шығыс елдеріндегі америкалық базаларды, сонымен бірге Израильді де атқылай бастады. Біріккен Араб Әмірліктері, Қатар және Бахрейн зымырандар мен дрондар шабуылына ұшырады.

Абу-Даби әуежайына жасалған соққыдан бір адам қаза тапты. Дубай халықаралық әуежайында да бірнеше адам зардап шекті. Бұған қоса әлемдегі жалғыз 7 жұлдыз қонақүй – Burj Al Arab дрон соққысынан өртенді.

Қазақстан сыртқы істер министрлігі Иранда жүрген ел азаматтары үшін жедел байланыс желісін ашты.  

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: