Лондондағы ICE биржасында 2026 жылдың наурыз айына дейін жеткізілуі тиіс Brent мұнайы фьючерсінің бағасы барреліне 64 доллар деңгейіне жетті. Түрлі сауда деректері осыны көрсетіп отыр, – деп хабарлайды KAZINFORM
Астана уақыты бойынша кеше сағат 05:52-де, мұнай бағасы 1,56% өсіп, баррель үшін $64 болған.
Сағат 06:00-де Brent фьючерсі өсу қарқынын бәсеңдетіп, баррель үшін $63,92 деңгейінде саудаланды (+1,43%). Сол уақытта 2026 жылдың ақпан айына жеткізілуге арналған WTI мұнайы фьючерсі 1,55% өсіп, баррель үшін $59,69 болды.
Еске сала кетсек, Трамп Венесуэла АҚШ-қа 30-дан 50 млн баррельге дейін мұнай жеткізетінін мәлімдеген.
Ал Каспий құбыр консорциумы мұнай тасымалын уақытша тоқтатты.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!
