Сенбі, 10 қаңтар, 03:39

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№2 (2214)
10.01.2026
PDF мұрағаты

БЖЗҚ-дан берілетін зейнетақы төлемдері жеке табыс салығынан босатылды

09.01.2026

95 0

Фото: Ағыбай Аяпбергенов / Kazinform

Жыл басынан бері БЖЗҚ-дан берілетін зейнетақы төлемдерін жеке табыс салығынан босату жөніндегі норма күшіне енді, – деп хабарлайды KAZINFORM

Атап айтқанда, 2025 жылғы 18 шілдеде Мемлекет басшысы жаңа Салық кодексіне қол қойды.

Осы орайда жаңа Салық кодексі Қазақстан Республикасы резиденттері үшін БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерінен жеке табыс салығын ұстау тетігін жойды. 

  • Ол БЖЗҚ-дан Қазақстан Республикасының бейрезиденттеріне төленетін зейнетақы төлемдерін қоспағанда, барлық табыс, тұрғын үйге немесе емделуге арналған біржолғы зейнетақы төлемдері түріндегі кірістерді 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап жеке табыс салығынан (ЖТС) босату ескерілген, – делінген БЖЗҚ ақпаратында.

Бұрынғы норма

Осыған дейін қолданыста болған Салық кодексіне сәйкес, Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін біржолғы зейнетақы төлемдері төлем көзінен 10% мөлшерлеме бойынша жеке табыс салығы (ЖТС) ұсталатын кіріс түріне жатты. Зейнетақы жарналары жеке зейнетақы шоттарына салық салынғанға дейін аударылады. Ал жеке табыс салығы төлемдер жүзеге асырылған кезде ұсталды. ЖТС ұстау міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ), міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ), ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) есебінен қалыптасқан барлық зейнетақы төлемдері түрлері бойынша жиынтық түрде жүргізілді. 

Тұрғын үйге немесе емделуге біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдаланған кезде ЖТС ұсталып келді. Бұл ретте алушының таңдауына оны ұстап қалудың екі жолы ұсынылады: БЗТ алған кезде бірден немесе зейнетақы алатын кезге дейін кейінге қалдыру.

2026 жылдың қаңтарынан күшіне енген норма

Енді ЖТС зейнетақы төлемдерінің барлық түрінен ұсталмайды. Бірақ мұның Қазақстан Республикасының резиденті ретінде саналмайтын азаматтарға қатысы жоқ. Сондай-ақ, ЖТС біржолғы зейнетақы төлемдерінен де ұсталмайды.

2026 жылғы 1 қаңтардан бастап тұрғын үй жағдайын жақсарту немесе емделу мақсатында пайдаланылған біржолғы зейнетақы төлемдерінен ұсталуы тиіс, бірақ зейнетке шыққанға дейін кейінге қалдырылған жеке табыс салығы бойынша есептелген міндеттемелер де жойылды. Осы жылдан бастап жаңа Салық кодексінің енгізілуіне байланысты салымшы ЖТС-ты бұған дейін төлеп қойған болса, ол қайтарылмайды. Ал кейінге қалдырылған ЖТС бойынша міндеттемелердің күші жойылады.

Айта кетейік, 2025 жылы ел тұрғындары тұрғын үй жағдайларын жақсарту үшін Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан 221,4 млрд теңге алды. https://kaz.inform.kz/news/2025-zhili-elturgindari-baspanalarin-zhaksartu-ushn-zeynetaki-korinan-kansha-karazhat-aldi-b83dcd/
Сонымен қатар бұдан былай зейнетақы жинағына пластикалық операция жасауға тыйым салынды.

Еске салсақ, биыл күзде «Отбасы банк» пен Денсаулық сақтау министрлігі бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан азаматтардың жинағының бір бөлігін тіс емдеуге алуға шектеу қоюға шешім шығарған. 

Ал 2025 жылғы 4 желтоқсаннан бастап enpf-otbasy.kz платформасы Біржолғы зейнетақы төлемі есебінен офтальмологиялық қызметті төлеуге арналған өтінішті қабылдамайды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: