Сенбі, 24 қаңтар, 19:39

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№6 (2218)
24.01.2026
PDF мұрағаты

«Даму» қоры малшылардың несиесіне 85% кепілдік береді

24.01.2026

55 0

Фото: market.kz

«Даму» қоры мал шаруашылығына несие рәсімдеген ауыл тұрғындарына 85% кепілдік ұсынады. Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Мәжіліс депутатының сауалына жолдаған жауапта осы шараның қаржылық тетіктері пысықталып жатқанын айтады, – деп хабарлайды KAZINFORM

– Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес 2026-2030 жылдарға арналған мал шаруашылығы саласындағы агробизнесті қолдау және дамыту жөніндегі кешенді жоспардың жобасы әзірленді. Жоба аясында айналым қаражатына 5% мөлшерлеме бойынша жеңілдікпен кредит беру, асыл тұқымды мал сатып алуға және отарланған жайылымдық мал шаруашылығын дамытуға 6% мөлшерлеме бойынша кредит беру, жайылымдық инфрақұрылымды дамыту және кадрлық әлеуетті нығайту жөніндегі шаралар көзделген, – дейді вице-премьер.

Сондай-ақ, ол «Іскер аймақ» бағдарламасы арқылы былғары, сүт, қолөнер өнімдері сияқты шикізат түрлерін өндіру, өңдеу көзделіп отырғанын айтады.

– Аталған кредиттік өнімдерді іске асыру үшін «Даму» қоры арқылы 85%-ға дейін кепілдендіру тетігін енгізу жоспарланып отыр. Қазір кешенді жоспар бойынша қажетті қаржыландыру есептеліп, кейіннен мүдделі мемлекеттік органдармен келісуге жолданады, – дейді Ұлттық экономика министрі.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: