Дүйсенбі, 15 желтоқсан, 20:14

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№95 (2207)
13.12.2025
PDF мұрағаты

Депозиттерден бір айда 222 млрд теңге жоқ болды

15.12.2025

59 0

Фото: kursiv.media

Қазақстандықтар бір айда банктегі депозитте жатқан ақшасынан 222 млрд теңгесін шығарып алған. Ұлттық банк дерегінше, 1 қазанда қаржы ұйымдарындағы депозит шоттарда 44 трлн 679 млрд теңге жатса, қарашада 44 трлн 457 млрд теңгеге дейін азайып кеткен, – деп хабарлайды kursiv.media

Ресми деректер депозитте жинақталған ақша жыл басынан бері қарқынды түрде өсіп келіп, соңғы айда күрт азайғанын байқатады. 2025 жыл басында жеке және заңды тұлғалардың шотында 40,4 трлн теңге жинақталған болатын.

Биыл 10 айда көрсеткіш 44,45 трлн теңгеге дейін жетті. Соның ішінде 19,82 трлн теңгесі банктік емес заңды тұлғалардікі болса, 24,63 трлн теңгесі – жеке азаматтардікі.

Қараша айында ұлттық валютадағы депозиттер көлемі 54,8 млрд теңгеге азайып, 35,14 трлн теңгеге тең болған. Ал шетел валютасындағы салымдар да қысқарып, 167,1 млрд теңгеге төмендеп, 9,32 трлн теңгеге дейін кеміді.

Ұлттық банктің қараша айындағы сауалнамасы да қазақстандықтардың жинақ сақтаудағы басымдығы өзгергенін байқатты. Соңғы айда депозиттерге қызығушылық төмендеп, қолма-қол ақшаға сұраныс өскен.

Қазақстанның банк секторында 23 екінші деңгейлі банк жұмыс істейді. Олардың 15-і шетелдік үлесі бар банктер, оның ішінде 10-ы еншілес банктер. 

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: