Сенбі, 21 желтоқсан, 20:02

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Депутат халыққа 100 миллиард теңгені үлестіріп беруді ұсынды

22.06.2022

831 0

Мәжіліс депутаты Аманжан Жамалов халыққа ақша таратуды ұсынды. Оның сөзінше, бағаны ұстап тұру үшін 100 миллиард бөлінген. Алайда мұның еш пайдасы тимегенін мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Аманжан Жамалов үкімет бөлген қаржының 81 миллиарды сауда желілеріне несие беру үшін, ал 16,8 миллиард теңге тұрақтылық қорларын жасау үшін жұмсалғанын айтады.

«Пайдасы жоқ. Одан да бұл қаржыны тікелей халыққа таратып берген дұрыс. Бізде 1 миллионға жуық адам кедейлікте өмір сүріп жатыр. Бағаның көтерілуінен бірінші солар зардап шегеді. Егер бағаны ұстап тұра алмасаңдар, тікелей халықты қолдаңдар, әлеуметтік қорғалмаған топқа субсидия беріңдер. Ақшаны сауда желісіне таратқанға қарағанда пайдасы көп боларына сенімдімін», – деді депутат. 

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: