23 қаңтардағы сауда-саттық қорытындысы бойынша теңге бағамы долларға шаққанда 503,5 теңгені құрады. Ұлттық валюта 2 теңгеге нығайды. Бұл туралы KASE биржасының деректерінде жазылған, – деп хабарлайды kursiv.media
Сауда-саттық қорытындысы бойынша доллар 503,5 теңгеге немесе 0,4% төмендеді. Бұл 29 желтоқсаннан бергі ең төменгі көрсеткіш. Теңге 16 қаңтардан бастап нығайып келеді.
Тәулік бойына сауда-саттық барысында ең төменгі баға 502,35 теңгені, ал ең жоғары баға – 504,9 теңгені құрады. Сауда көлемі 329,2 млн долларды құрады.
Айта кетейік, 23 қаңтарда Ұлттық Банк базалық мөлшерлемені бұрынғы деңгейде – 18% сақтап қалды. Баспасөз мәслихаты барысында осы шешім жарияланғаннан кейін Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов АҚШ доллары бағамының 1500 теңгеге дейін өсу ықтималдығын мүмкін емес деп санайтынын айтты.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!
